Алматы – Бішкек дәлізі: жұмыс тобының жетінші отырысы өтті

Алматы – Бішкек экономикалық дәлізі шеңберінде көлік және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі қазақстан-қырғыз бірлескен жұмыс тобының жетінші отырысы өтті. Бірлескен отырыс 3 қарашада Бішкек қаласында болды. Отырыс барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде Азия даму банкінің қолдауымен іске асырылуы жоспарланған ерекше маңызға ие мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы — «Алматы – Ыстықкөл» автомобиль жолының құрылысы талқыланды. Маңызды шараға екі елдің мемлекеттік органдарының, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталықтарының, сондай-ақ Азия даму банкінің өкілдері қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту және экономикалық дәліз шеңберіндегі бірлескен бастамаларды қолдау жөнінде уағдаласты. Осылайша, Қазақстан мен Қырғызстан көлік дәлізін бірлесе дамытып, инфрақұрылымдық ынтымақтастықты күшейтуде барынша үлес қосуда. Айта кетейік, «Алматы – Ыстықкөл» автомобиль жолының құрылысы – халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп әзірленіп жатқан ерекше маңызға ие жобалардың бірі.

Previous <strong>МЖӘ туралы Заңға – 10 жыл: мемлекет пен бизнестің серіктестігі жаңа белесте</strong>

Leave Your Comment