Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің үздік тәжірибелері: нақты нәтижелерге негізделген мысалдар

Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы бүгінгі күнде адамдардың өмірін өзгертіп жатқан үздік тәжірибелерді атап өтті. Олардың қатарында еліміздің әртүрлі өңірлерінде іске асырылып, тәжірибе жүзінде өз тиімділігін дәлелдеген жобалар бар.

Шығыс Қазақстан облысында Б. Александров атындағы Спорт сарайын пайдалану бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы жүзеге асырылуда. Мұнда бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға, сондай-ақ ұлттық және халықаралық жарыстарға қатысуға қажетті жағдайлар жасалған.

Астана қаласында Паралимпиядалық жаттығу орталығы мен «Тарлан» мұз айдыны жоғары деңгейде бағаланды. Бұл нысанда мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып, Қазақстандық паралимпиадашылардың ірі халықаралық жарыстарға дайындалуына мүмкіндік беріледі.

Қызылорда облысында мемлекет пен бизнес серіктестігі нәтижесінде «Рауан» инклюзивті балабақшасы ашылды. Мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қолдау алып, дамып, жалпы білім беретін мектептерде оқуға алғашқы қадамдарын жасауда.

Бұл жобалар мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағаз жүзінде емес, нақты өмірде қалай жұмыс істейтінін айқын көрсетеді. Мұнда қолжетімділік, даму және адамдар мен өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер басты орын алады.

Previous 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарына түзетулер енгізу

Leave Your Comment