Бюджеттік несиелеу тетігі қалай жұмыс істейді

Бюджеттік несиелеу — бизнесті мемлекеттік қолдаудың, әсіресе аграрлық секторда, негізгі құралдарының бірі. Оның тиімділігі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелеу тәжірибесінде айқын көрініс табуда.

2024 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 140 млрд. теңге бағытталды. Осы бағдарлама аясында елдің 17 өңірінде 3 585 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландыру алды. 2,7 млн. гектар жерге егін егілді.

Көрсетілген қолдау негізгі ауыл шаруашылығы науқандарын уақтылы өткізуге ғана емес, сондай-ақ 39 мың адамды жұмыспен қамтуға және 3,2 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Бюджеттік несиелеу тек қаржылық механизм ғана емес, ауылдық аумақтардың орнықты дамуын және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды қамтамасыз ететін тиімді құралы болып табылады.

Previous <strong><em>МЖӘ жобаларын басқару бойынша өңірлердің рейтингіне қатысты</em></strong>

Leave Your Comment