
МЖӘ жобаларын іске асыруды бағалау қорытындысы бойынша 30 қарашаға қарай МЖӘ жобаларын басқару бойынша өңірлердің рейтингі (бұдан әрі – рейтинг, өңірлердің рейтингі) құрылады.
Баяндалғандарға байланысты, бағалау бойынша есептің I, II кезеңдері шеңберінде жергілікті маңызы бар МЖӘ-нің 690 жобасының деректерінің негізінде 2024 жылға рейтинг құрылды.
Рейтинг №52 Ереже шеңберінде бекітілген жаңартылған әдіснаманың негізінде есептелген. Бұл ретте, есепті кезеңнің басталуына байланысты МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру ережелерінің жаңартылған редакциясы күшіне енген сәтте мониторинг бойынша есептерді ұсыну мерзімдері №725 ережеге сәйкес ескерілді.
Анықтама:
№725 Ереженің 250-тармағына сәйкес 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті МЖӘ жобаларын іске асыру мониторингі бойынша ақпаратты ЖАО жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей, МЖӘ дамыту орталығына ұсынады.
Рейтинг МЖӘ даму деңгейі бойынша реттелген әр өңірдің позицияларын көрсете отырып, өңірлердің тізбесін білдіреді. Рейтингтегі өңірдің позициясы деп 1 (бір)-ден 20 (жиырма) дейінгі мәнді қабылдайтын және өңірдегі МЖӘ-нің басқа өңірлерге қатысты даму деңгейін сипаттайтын көрсеткіш түсініледі. Өңірлер арасында позицияларды бөлу рейтинг мәні бойынша оларды саралаудың негізінде, басқа өңірлерге қатысты жоғары маңызы бар өңірлерге жоғары орындар беріле отырып жүзеге асырылады. Рейтингтің мәні келесі өлшемшарттарды бағалаудың негізінде анықталады:
1) PIi – жеке инвестициялардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерге арақатынасы – шарт бойынша жеке әріптестің жоспарлы тартылған инвестицияларының жалпы көлемінің 096 бюджеттік бағдарлама шеңберінде ММ жиынтық көлеміне, сондай-ақ жобаны қоса қаржыландыруға арақатынасы;
2) Mi – МЖӘ дамыту орталығына №52 ереженің 18 қосымшасына сәйкес нысан бойынша МЖӘ жобаларын іске асыру мониторингі бойынша есепті уақытылы ұсыну;
3) Di – № 52 ереженің 18-қосымшасына сәйкес сұратылатын МЖӘ жобалары бойынша құжаттар топтамасын ұсынудың толықтығы.
Өткен жылдармен салыстырғанда мониторинг бойынша есеп беру процесінің шамамен 90% жақсарғаны байқалады.
9-кесте. МЖӘ жобаларының мониторингі бойынша есептерді уақытылы ұсыну
| Көрсеткіш | Жобалар саны | жалпы санынан % |
| Уақытылы | 266 | 39 |
| Уақытылы емес | 348 | 50 |
| Ұсынылмаған | 76 | 11 |
| Барлығы | 690 | 100 |
Алайда жобалар бойынша құжаттаманы жүйелеу деңгейі қанағаттанарлықсыз деңгейде қалып отыр.
10-кесте. МЖӘ жобалары бойынша құжаттаманы ұсынудың толықтығы
| Құжаттама туралы есеп | Жобалар саны | жалпы санынан % |
| Толық пакет | 121 | 18 |
| Ішінара ұсынылған | 138 | 20 |
| Ұсынылған жоқ | 431 | 62 |
| Барлық жоба | 690 | 100 |
2024 жылғы рейтингті қалыптастыру нәтижелері бойынша көшбасшылардың бестігіне Павлодар облысы, Астана қаласы, Ақтөбе, Қызылорда, Жетісу, Қостанай облыстарының МЖӘ жобалары кірді. Ал Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының, Ұлытау облыстарының МЖӘ жобалары рейтингтің төменгі позицияларына ие болды.
11-кесте. Бағалау қорытындысы бойынша өңірлердің рейтингі
| № р/с | Өңір | Жобалар саны | Pi | Mi | Di | Орын |
| 1 | Павлодар облысы | 14 | 463,67 | 280 | 280 | 1-ші орын |
| 2 | Астана қаласы | 15 | 497,98 | 300 | 290 | 2-ші орын |
| 3 | Ақтөбе облысы | 8 | 357,7 | 130 | 70 | 3-ші орын |
| 4 | Қызылорда облысы | 32 | 1326,58 | 620 | 130 | 4-ші орын |
| 6 | Жетісу облысы | 26 | 709,07 | 430 | 370 | 5-ші орын |
| 5 | Қостанай облысы | 25 | 446,92 | 500 | 390 | 6-шы орын |
| 7 | Шығыс Қазақстан облысы | 50 | 1175,17 | 1000 | 490 | 7-ші орын |
| 8 | Абай облысы | 9 | 238,032 | 170 | 50 | 8-ші орын |
| 9 | Шымкент қаласы | 42 | 923,23 | 600 | 510 | 9-шы орын |
| 10 | Қарағанды облысы | 33 | 930 | 610 | 0 | 10-шы орын |
| 11 | Алматы облысы | 26 | 1092,7 | 60 | 60 | 11-ші орын |
| 12 | Түркістан облысы | 159 | 5300,26 | 1440 | 400 | 12-ші орын |
| 13 | Батыс Қазақстан облысы | 16 | 372,75 | 300 | 20 | 13-ші орын |
| 14 | Атырау облысы | 51 | 927,29 | 670 | 480 | 14-ші орын |
| 15 | Алматы қаласы | 14 | 245,85 | 280 | 20 | 15-ші орын |
| 16 | Ұлытау облысы | 6 | 140 | 60 | 20 | 16-шы орын |
| 17 | Маңғыстау облысы | 31 | 841,26 | 40 | 60 | 17-ші орын |
| 18 | Солтүстік Қазақстан облысы | 34 | 562,24 | 340 | 110 | 18-ші орын |
| 19 | Жамбыл облысы | 34 | 573,36 | 370 | 40 | 19-шы орын |
| 20 | Ақмола облысы | 65 | 1206,34 | 600 | 10 | 20-шы орын |
Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары мониторинг компоненті бойынша оң нәтиже көрсетті (100% нәтиже).
МЖӘ жобалары бойынша құжаттама пакетін жүйелеу процесінің толықтығы мен жеткізілу компоненті бойынша – Қостанай, Павлодар облыстары және Астана қаласы.
МЖӘ жобалары бойынша барлық құжаттаманы жүйелеу, мұрағаттау және мониторинг процесін сапалы жүргізу бойынша процестер жолға қойылған жағдайда рейтинг позициясында өсу үшін әлеует Алматы және Ақмола облыстарында бар.