“Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы” АҚ Жалғыз акционерінің 2022 жылғы 21 ақпандағы шешімімен Сағындықов Самат Алпысұлы “Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы” АҚ Басқарма Төрағасы болып сайланды.
САҒЫНДЫҚОВ САМАТ АЛПЫСҰЛЫ
Жалпы ақпарат: 1976 жылы Нұр-Сұлтан (Целиноград) қаласында дүниеге келген.
Білімі: 1998 жылы “Құрылыстағы Экономика және менеджмент” мамандығы бойынша Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін аяқтаған. 2000 жылы – «Құқықтану» мамандығы бойынша Д.Қонаев атындағы университетін аяқтаған; 2003 – 2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы.
Мансап. Еңбек жолы: Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігі Стратегиялық жоспарлау және бақылау департаментінің бас маманы лауазымынан бастаған.
2003-2007 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің бас маманынан бастап директорына дейінгі жолдан өтті.
2007 жылдан 2011 жылға дейін “ҚДБ Лизинг”АҚ Басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2012-2014 жылдары – “Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік” АҚ салалық конструкторлық бюро орталығының директоры.
2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық Банкі, қолма-қол ақша айналысы департаменті директорының орынбасары.
2018 жылдан 2022 жылдың ақпанына дейін әртүрлі жеке және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеді.
2022 жылғы ақпаннан бастап – “Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы”АҚ Басқарма Төрағасы.
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары:
2005 ж. – “Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл” медалі.