Алматы қаласының тыңдаушыларына арналған “Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланған бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу” атты екі күндік семинар аяқталды.
Біздің орталықтың дәріскер-сарапшыларына – Әлімбекова Гаухар Лесханқызына және Исина Алма Құдайбергенқызына мазмұнды және қарқынды семинар өткізгені үшін алғыс білдіреміз. Тыңдаушылар лекторлардың кәсібилігін, лекциялық және үлестірмелі материалдардың, практикалық сабақтардың берілуін, сондай-ақ алған білімдерін жұмыста қолдану мүмкіндігін және өзекті мәселелерді белсенді талқылауды жоғары бағалады. Сондай-ақ, семинаристер МЖӘ орталығының кәсіби құзыреттерін дамыту және оқу барысында тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.