Газета «Егемен Қазақстан»: Потенциал государственно-частного партнерства

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында бірінші кезектегі инфра­құрылымдық проблемалар қатарында энергетика секторы мен коммуналдық шаруашылық салаларын, жол-көлік инфрақұрылымын атады. Бұл ретте тек мемлекеттік қаржыландыруға сенім арту – жеткіліксіз. Экономикаға жеке инвестицияны көптеп тарту талап етіледі. Сондықтан Президент мемлекет-жекеменшік әріптестігінің (МЖӘ) маңызына тоқталып, Үкіметке МЖӘ арқылы жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобалар пулын айқындауды тапсырды.

Қай межедеміз?

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Аслан Қалиғазиннің айтуынша, МЖӘ көмегімен инфрақұрылымды дамытуға ұмтылатын елдерді қолдауда Азия Даму банкі (АДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Дүние­жүзілік банк (ДБ) сияқты халықаралық қаржы институттары шешуші рөл атқарады. Бұл ұйымдар қаржыландыруды қамтамасыз етіп қана қоймай, жобаларды дайындау мен іске асыруды жақсартуға көмектесетін техникалық көмек, консалтингтік қызметтер ұсынады.
АДБ «Asia Pacific Project Preparation Facility» (AP3F) платформасы арқылы МЖӘ саласындағы бастамаларды белсенді түрде ілгерілетіп келеді.
«Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропа­лық экономикалық комиссия­сының МЖӘ саласындағы тиімді басқару мәселелері бойынша практикалық басшылық МЖӘ бағдарламалары толық қолданылғанға дейін елдің белгілі бір кезеңдерден өту үрдістерін анықтаған», деп түсіндірді Аслан Ермекұлы.
«Бірінші кезең, нақты жоба­лар­дың саны аз кезде, МЖӘ-ні іске асыру үшін көп кедер­гі­­лерді еңсеруге тура келеді. Әуелі МЖӘ жобаларын іске асы­ру жө­нін­дегі институтты, үде­­ріс пен рә­сімді дамыту қажет. Екін­ші кезең, заңнаманы реформа­лап, стра­тегиялық және практика­лық бас­ты қағиданы жариялап, МЖӘ мәселесімен айналысатын ма­ман­данған құрылым құру керек. Сонымен бірге, МЖӘ мо­де­лін нақтылап, оған қатысты на­­рық­ты дамытуды ынталандыру ләзім. Жоба портфелін ке­ңей­тіп, әртүрлі секторды қам­тып, қар­жы­ландырудың жаңа көзін тар­ту сын­ды үдеріс белгі­ленуге тиіс», деп пі­кірін жалғастырды бас­қар­ма төра­ғасы.
Айтуынша, тек үшінші кезең­де бағ­дарлама маңызды бола бас­тай­­ды. Бұл саты­да бірне­ше ел ғана орна­ласқан.
«Біздің ел МЖӘ дамуының екінші сатысында тұр. МЖӘ-ні дамыту – жеке инвесторға ел­дің тартымдығын арттыруға жүр­­гі­зе­тін институционалдық және заң­намалық реформаларға негіз­­де­леді. Жалпы, МЖӘ туралы заң қа­был­данған сәттен бас­тап елде білім беру, денсаулық сақтау, энер­гетика және тұрғын үй-ком­му­­налдық шаруашылық, көлік, ақ­­па­раттық жүйелер сияқты негіз­гі инфрақұрылымдық салаларды қам­­ти­тын 1 300-ден астам МЖӘ жо­­ба­сы іске асырылды», деді бас­қар­­ма төрағасы.
Былтыр әлеуметтік салада МЖӘ-ні да­мытудың кешенді жос­па­­ры қабылданған.

МЖӘ шеңберінде дамитын ШОБ

Елдегі МЖӘ орталығының ресми сайтында жарияланған жобалар базасында МЖӘ жобала­рының көпшілігі жергілікті дең­гейде (1 058 жоба) іске асырыл­ғаны көрініп тұр. Бұл жергілікті кәсіпорындарды қызмет көрсету және жұмыстарды орындау үде­рісіне тартуға ықпал етеді.
«Білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жобалар шағын және орта бизнеске оқушыларды тамақтандыруға, мектепке дейінгі білім беру, спорт нысанымен қамтамасыз ету ісіне қатысуға мүмкіндік жасайды. Бұдан басқа, ШОБ бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін медициналық мекемелер құру бойынша МЖӘ тетігі арқылы жобаға қатысады», дейді.

Іске асқан ілкімді жобалар

Алғашқы концессиялық келі­сім­дер 2005 жылы жасала баста­ған. Олар аймақ инфрақұры­лымын дамытуға бағытталған. 2015 жылы мемлекет-жеке­меншік әріптестік туралы заңның қа­былдануы МЖӘ шарттары саны­ның күрт өсуіне серпін берді.

«Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалпы құны 2 187,6 млрд теңге болатын 1 072 МЖӘ және концессия шарттары жасалды. Оның ішінде бағасы 1 243,7 млрд теңге болатын 14 республикалық жоба және құны 943,9 млрд теңге тұратын жергілікті маңызы бар 1 058 МЖӘ жобасы іске асырылды. МЖӘ жобасының ең көп саны білім беру саласына тиесілі. Оның жалпы құны – 194 млрд теңге. Капиталды көп қажет ететін көлік және инфрақұрылым саласында құны 850 млрд теңге болатын 26 жоба қолға алынып жатыр», деді орталықтың МЖӘ жобаларын іске асыруды бағалау департаменті директоры Айгүл Садықова.
МЖӘ жобасының бірі – «Шар – Өскемен стансасы» теміржол желісі. Осы іргелі жобаның арқа­сында оңтүстік бағытта 328 ша­қы­рым және солтүстік ба­ғыт­­та 92 шақырым тасымал­дау қашықтығы қысқарды. Стан­дарт­ты емес жүктерді тасымал­дау мүмкіндігі пайда болды. Бұрын шығыстан елдің басқа аймақтарына жету үшін пойыз көрші мемлекеттің стансасына барып, бірнеше сағат тұруы керек еді. Бұл жолаушыға да, жүк тасымалдаушыға да өте ыңғайсыз болды. Жобаны іске асыру нәти­жесінде мәселе шешілді.
Кон­цессия саласындағы ал­ғаш­қы жобаның бірі – ұзын­дығы 486 шақырым болатын «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісі. Жоба Ақтөбенің энергия тәуелсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие. Бұрын аймақ республиканың бірыңғай энергетикалық желісіне қосылмаған еді. Электр энергиясы Ресейден экспортталып келді. Салдарынан тариф тұрақты өсіп отырды. Аталған жоба нәти­же­­сінде берілетін электр энер­гия­­сының көлемі ұлғайып қана қоймай, түпкі тұтынушы үшін құны да төмендеді.

«Соңғы 3 жылда Астана мен Атырауда МЖӘ тетігімен мектептер салынып жатыр. 16 мыңға жуық бала жабдықталған жаңа мектепте оқуға мүмкіндік алды. Түркістан облысында МЖӘ бойынша 20-дан астам жайлы мектеп салу жоспарланды. МЖӘ жобалары спорт саласында да бар. Мысалы, ұлттық құраманы даярлауды жүзеге асыратын Астанадағы «Тарлан» мұз аренасы, паралимпиадалық жаттығу орталығы. Осы нысанда жаттығатын 44 спортшы биыл Париждегі Олимпия ойындарында 9 спорт түрі бойынша бақ сынады», дейді Айгүл Садықова.

Жүйе цифрланып жатыр

Мемлекет-жекеменшік әріп­тестік жүйесін цифрландыру былтырдан бері белсенді дамып келеді. Бұл бағыттағы негізгі қадам – Еуразиялық даму банкі грантымен бюджетке жүктемесіз іске асырылған жеке әріптесті іріктеу бойынша конкурстық рәсімді өткізуге портал құру.

«МЖӘ туралы» заңға «МЖӘ веб-порталы» мен «МЖӘ веб-пор­талының операторы» сияқ­ты жаңа ұғым енді. Бұл «Элек­трон­дық қаржы орталығы» АҚ-ға оператор рөлін алуға мүмкіндік берді. МЖӘ жобасын жоспарлау мен іске асыру ережесі веб-портал арқылы жүргізілетін рәсімді қамту үшін жаңарды. Қағаздан цифрлық форматқа көшу конкурс ашықтығын арттырып, бизнес пен халыққа ақпараттың қолжетімділігін едәуір жақсартты. Порталда 219 конкурс жарияланды. 300-ден астам әлеуетті жекеше әріптес тіркелді. Оның көбі байқауға қатысуға цифрландыруды пайдаланады. Игі іс өтінім беру үдерісін және мемлекеттік органмен өзара іс-қимылды жеңілдетеді. Бұл мем­лекет пен жеке сектор арасындағы ынтымақтастыққа тиімді және ашық орта жасайды», деді Аслан Ермекұлы.

Даму жолын реттейтін заң

МЖӘ туралы заңнама белсен­ді дамып келе жатқанымен, бірнеше түйінді мәселені айтқан жөн. Бірінші, құқықтық және инсти­туционалдық кедергі. Қазір­гі заңның күрделілігі мен қайта­ланатын нормалары маңызды мәселе болып тұр. «Кон­цес­сиялар туралы» заң мен «МЖӘ туралы» заң жобаны іске асыруда қиындық туғызатын әртүрлі жағдайға әкеледі. Алайда заңнаманы біріз­ден­діру бойынша жүргізіліп жат­қан жұмыс осы кедергілерді жоюға бағытталған. Бұл туралы орталықтың атқа­ру­шы директоры Надира Мырзағалиева айтты.
«Екінші – жобаны іске асыру­дағы тәуекел. Табыс бар, алайда жобаны бұзу қаупі әлі де жоғары. Мысалы, осыған дейін 127 МЖӘ шарты бұзылды. Бұл жобаны дайындау сапасын одан әрі күшейту қажет екенін көрсетеді. МЖӘ жобасын іске асыру стейкхолдерлердің үйлесімді жұмысына байланысты. Айта­лық, мемлекеттік әріптестің уақы­тылы мониторингі, жеке әріп­тестің МЖӘ шартында алған міндетті орындауға адалдығы, жеке әріптес көрсететін қызмет­ті тұ­тыну­­шының кері байланысы, бақылау-қадағалау органы­ның әділ қатынасы көп істі шие­леніс­тір­мей шешуге көмектеседі», деді ол.
Айтуынша, үшінші қиындық – келісімшарттық талапқа өзгеріс енгізудің қажеттілігі.
«Жобаның ұзақ мерзімді сипа­тына орай, сыртқы фактордың өзгеруіне байланысты шарт талабын түзету қажеттігі туындайды. Заңдағы қазіргі шектеулер жоба мен түпкілікті бенефи­циардың мүддесі үшін жағ­дайды икемді түзетуге кедергі кел­тіреді. Алайда жоспарланған түзетулер міндетті сараптама және мемлекеттік ор­ган­дармен келісу шартымен тиімді өзгеріс мүмкіндігін көз­­дейді. Заңнама тұтастай алғанда өз функциясын орындайды, бірақ оны жетілдіру өзекті міндет болып қала бермек», деді атқарушы директор. 

Дереккөз: Egemen Qazaqstan газеті
Сұқбаттасқан журналист: Нұрбай Жолшыбайұлы
Сілтеме

Previous ICD расширяет сотрудничество с Казахстаном в рамках крупных проектов ГЧП

Leave Your Comment