МЖӘ орталығында бірқатар жеке фирмалар мен квазимемлекеттік сектор өкілдері үшін “Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін экономикалық сараптау” тақырыбындағы бір күндік семинар аяқталды.
Дәріскер: Марал Акишева, Бюджеттік инвестицияларды және МЖӘ жобаларын сараптау департаментінің жобалар жетекшісі. Көбінесе оқыту мазмұны практикамен ұштасқан теориядан, сондай-ақ көрнекі материалдардан тұрды. Қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. МЖӘ Академиясы МЖӘ жобаларына, инвестицияларға, қаржылық модельдеуге және ТЭН, ҚЭН, БИЖ әзірлеумен байланысты барлық ниет білдірушілерді шақырады.