Бүгін Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының алаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараға Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров, Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев, Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жанбакин, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кеңес барысында МЖӘ жобаларын іске асыру мәселелері, сараптамадан өту тетігі және жасалатын құжаттаманың сапасы, сондай-ақ МЖӘ Орталығының қызметіне қатысты мәселелер қаралды.