Ұлытау облысында МЖӘ механизмін қолдану перспективалары


МЖӘ Орталығының басшылығы жаңадан құрылған Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы бастаған командамен кездесу өткізді.

Екі тарап әлеуметтік маңызы бар және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін құру кезінде МЖӘ механизмін қолдану перспективаларын, сондай-ақ басқа өңірлердегі МЖӘ жобаларын іске асыру практикасын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында болжанып отырған заңнамалық түзетулерді талқылады.

Сонымен қатар, жобаларды жоспарлау процесіне тікелей қатысатын тұлғалардың құзыреттілігін арттырудың маңыздылығына баса назар аударылды.

Previous МЖӘ саласындағы сертификатталған маман CP3P®

Leave Your Comment