Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының алаңында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергеновтың басшылығымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалануымен ауылдық денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті.
Іс-шараға қатысушы Денсаулық сақтау қауымдастығы мен бизнес қауымдастығының, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен бағынысты ведомствалық ұйымдарының өкілдері елдің ауылдық аймақтарындағы денсаулық сақтауды жақсартуға бағытталған стратегиялар мен іс-шараларды талқылады.
Кездесуде талқылаудың негізгі мәселесі “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” Ұлттық жобасы шеңберінде МЖӘ және жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері арқылы бизнесті ұлттық жобаларды іске асыруға тарту болды.