Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 18-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Павлодар қаласында мұз сарайын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлағаны туралы хабарлайды.
Жоба мыналарды көздейді:
1) жобаны іске асыру саласы – дене шынықтыру және спорт;
2) жоба іске асырылатын орын – Павлодар қаласы, «Достық» шағынауданы;
3) Мұз сарайының болжалды техникалық-экономикалық параметрлері.
– Мұз аймағы: конькимен сырғанау трегі 400 м, өлшемі 60 х 30 м еуропалық стандарттағы хоккей қорапшасы, өлшемі 56,0 х 26,0 м канадалық стандарттағы хоккей қорапшасы;
– 2500 отыратын орынға есептелген көрермендер мінберлері;
– Мұз аймағының спортшыларына арналған киім ауыстыратын бөлмелер.
– Әкімшілік-шаруашылық үй-жайлар.
– Киім ауыстыратын бөлмелері бар фитнес залы
– Құрғақ шынығуға арналған зал
– Фудкорт
4) құрылыс кезеңі – 24 ай
5) пайдалану кезеңі – кемінде 60 ай
6) жобаның мақсаты мен міндеттері – Павлодар қаласының «Достық» шағын ауданында Мұз сарайын салу спортшылар үшін ыңғайлы жағдай жасап, сондай-ақ кәсіби деңгейдегі сапасы жоғары және қауіпсіз жарыстарды қамтамасыз етеді;
7) Бюджеттен көзделетін төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 9-бабы, 2-тармағының 1)-тармақшасы негізінде Қызметтерді жүзеге асыру. Ұсыныстар мүдделерін білдіру сұрауын жариялаған сәттен бастап бір ай ішіде Павлодар облысы, Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп к-сі, 170-құрылыс, мекенжайы бойынша тел. 87182619400, эл.пошта: pavlodaroblsport@mail.ru 2023 жылғы 9 қарашадан кешіктірмей қабылданады. Жауапты тұлға: «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің басшысы Әсел Ержанқызы Қожанова.