Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 18-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру спорт басқармасы» КММ «Петропавл қаласында 3000 орындық футбол манежін салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау туралы хабарлайды.
Жоба мыналарды қамтиды:
1) жобаны іске асыру саласы-дене шынықтыру және спорт;
2) жобаны іске асыру орны – Петропавл қ.
3) 3000 орындық футбол алаңының алдын ала техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
– өлшемдері 105 м.*68 м. футбол алаңы;
– периметрі бойынша 3000 орынға есептелген көрермендер мінбері;
– спортшыларға арналған киім ауыстыратын бөлмелер.
– әкімшілік-шаруашылық үй-жайлар.
4) құрылыс кезеңі – 24 ай
5) пайдалану/техникалық қызмет көрсету кезеңі – кемінде 60 ай
6) Жобаның мақсаттары мен міндеттері – Петропавл қаласында шағын ауданда 3000 орындық футбол манежінің салынуы балаларға да, кәсіби спортшыларға да футболмен айналысуға қолайлы жағдай жасайды, сонымен қатар кәсіби деңгейде жоғары сапалы және қауіпсіз жарыстарды қамтамасыз етеді;
7) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 9-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бюджеттен болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары. Ұсыныстар Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Абай к-сі, 15 үй, тел: 87152466040, 87152467302, sport@sqo.gov.kz эл мекенжайы бойынша мүдделерін білдіруді сұрау жарияланған сәттен бастап бір ай ішінде қабылданады. Жауапты тұлға: «Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ бұқаралық спорт және инфрақұрылым бөлімінің басшысы Бестик Виктор Васильевич.