12 мамырда МЖӘ дамыту орталығымен кездесуде Қазақстандағы Ислам Даму Банкінің өңірлік хабының басшысы Ибрагим Шукри мырза банк 100 миллион АҚШ доллары дейін тұратын екі ірі МЖӘ жобасын, сондай ақ құны 15 млн. АҚШ доллары тұратын анағұрлым шағын жобалар бойынша қаржыландыруға дайын екенін мәлімдеді.
Бұл ретте Банк МЖӘ үшін дәстүрлі жол және энергетика саласын ғана емес, сондай ақ денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды да қаржыландыруды қарастыруда.
Сонымен қатар Банк МЖӘ жобалары бойынша әлеуетті жеке серіктестер үшін Банк ресурстарының қолжетімділігін арттыратын қарыз алушылардың несиелік қабілетін арттыру құралдарын ұсынады.
Әлеуетті және ағымдағы жеке әріптестер, тендерлерді ұйымдастырушылар МЖӘ жобалары бойынша қызығушылық танытқан жағдайда, МЖӘ дамыту орталығы Ислам Даму Банкімен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі құру мақсатында барлық мүдделі тараптарға тиісті көмек көрсетуге дайын.