Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының негізгі бөлігі білім беру және денсаулық сақтау салаларына тиесілі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жобалардың жалпы саны 1 мың 253-ке жеткен. Оған бағытталған қаражаттың құны 3 жарым трлн теңге көлемінде. Оның ішінде 1,6 трлн теңгеге 615 шарт жасалған. Ал 1,9 трлн теңгеге 638 жоба дайындалуда.

Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті әрі қарай жетілдіру үшін барлық рәсімдерді электронды форматқа ауыстыру ұсынылуда. Бұл жұмыстарды мемлекеттік сатып алу порталымен де интеграциялау жоспарланған. Үкімет басшысы Асқар Мамин салаға қатысты бірқатар тапсырма жүктеді.

Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдарға Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, өздері жетекшілік ететін салаларда Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойынша Жол карталарын әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ осы Үкімет отырысында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы да айтылды. Руслан Дәленов, ҚР ұлттық экономика министрі: – Жобалардың ең көп бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларында энергетика және тұрғын үй салаларында. Көп капиталды қажет ететін жобалар көлік және инфрақұрылым энернетика және тұрғын үй салаларында.

Жобаларға жеке инвестиция тарту үшін мыналар ұсынылады. Әріптестік жобалар үшін бір терезе құру, пакеттік шешімдер ұсыну. Қайтарымды әріптестікті енгізу. Әріптестік процесттікті енгізу. Осыны жасау үшін біз заң жобасын әзірледік. Түзетулер дайындап отырмыз.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/349283-mzh-ayasynda-my-nan-asa-zhoba-zh-zege-asady