“Біздің жоспарымызда бүкіл Қазақстан бойынша 20 заманауи госпиталь салу бар. Біз бұл тұрғыда Түркияның тәжірибесін зерттедік. Мен Түркияда арнайы жұмыс іссапарында болдым және салынған ауруханаларға бардым. Түркия осы салада серпіліс жасады. Біз қазір мұндай модельдерді Қазақстанда іске асырып жатырмыз. Қазір МЖӘ бойынша бірнеше госпиталь салынуда. Олар бізге алдағы бірнеше ондаған жылдарға алдын ала жоспар құрып береді”, – деді Асқар Мамин.