Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпараты бойынша, бүгінде сенімгерлік басқаруға 45 нысан – сегіз балабақша мен 37 мектеп асханасы берілді. Жеке қаржылық бастама аясында бес балабақша ашылды. 12 мектеп асханасын сенімгерлік басқаруға беру және екі мектеп салу бойынша 14 жоба жоспарлау сатысында тұр. Денсаулық сақтау сияқты маңызды салада жеті жоба жүзеге асырылуда. Бурабай ауданының аудандық ауруханасы мен емханасы және Степногорск мен Көкшетау қалаларының емханалары сенімгерлік басқаруға берілді.
81 проект реализуют в рамках ГЧП в Акмолинской области