М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында МЖӘ орталығының қонақ дәрістері циклының қорытынды онлайн дәрісі өтті. Дәріскер – Ешимова Д. А., Орталықтың басқарма төрағасының орынбасары, з.ғ.к.
Дәрісте "МЖӘ халықаралық тәжірибесі, отандық тәжірибемен салыстыру" тақырыбы ашылды. Дәріс аясында көптеген елдерге тән МЖӘ алғышарттары, МЖӘ келісімшарттық модельдерінің әлемдік практикасы, МЖӘ жобаларын сараптау, бағалау мәселелері және заң деңгейінде жоспарланған түзетулер қаралды.
<span style=”font-family:"Calibri",sans-serif”>ММУ Қазақстандық филиалының директоры, э. ғ. д., ММУ еңбек сіңірген профессоры А.В. Сидоровичке ұсынылған алаң мен Орталықтың бастамасын қолдағаны үшін алғыс білдіреміз: "МЖӘ орталығы оқыту үдерісінің практикалық қызметпен байланысын қамтамасыз етудің маңызды ісін жүргізуде".