ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
Қызмет түрлері
- «концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының
3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптау; - концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының
3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптау;»- концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарының сараптамасы; - концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
- республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы;
- мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы;
- заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасы;
- Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
- заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау;
- бюджеттік инвестициялар саласындағы зерттеулер;
- техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеудің және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруының экономикалық сараптамасы;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу;
- жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бизнес жоспарларына сараптама жүргізу;
- республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мамандарды оқыту;
- іске асыруға жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін жүргізу;
- жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес консультациялық сүйемелдеу.
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында зерттеулер жүргізу;
- мемлекеттік кепілдіктер беру үшін концессиялық жобаларды, бюджеттік инвестицияларды, бюджеттік кредиттеуді және инвестициялық жобаларды бағалау мен сараптаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
- бизнес жоспарларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын бағалау мен сараптаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында мамандарды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы институционалдық жүйені жетілдіру бойынша уәкілетті орган мен мүдделі мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірлеу.