25-27 қыркүйекте Бішкек (Қырғызстан) қаласында өткен МЖӘ бойынша ақпарат алмасу семинарына МЖӘ орталығының сарапшылары қатысты. Аталмыш шара АҚШ үкіметінің коммерциялық құқығын дамыту бағдарламасы бойынша ұйымдастырылды.
Қатысушы елдер Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстанның делегациялары қатарында МЖӘ орталықтарының, сондай-ақ тиісті министрліктердің мамандары болды.
Білім беру мазмұнын Дүниежүзілік МЖӘ құрылымдары мен кәсіпқойлары қауымдастығының (WAPPP) және БҰҰ ЕЭК жоғары кәсіби мамандары ұсынды, олар МЖӘ дамытудың мемлекеттік ұйымдарының жұмысы, шағын жобалардың ерекшеліктері, құрылымдау, қаржылық өміршеңдікті қамтамасыз ету және МЖӘ жобаларында ТДМ-ға қол жеткізу бөлігінде әдістемелік және практикалық ұсыныстармен, сондай-ақ елдердегі жобаларды іске асыруға қатысты өздерінің кейбір бақылауларымен бөлісті.
Сондай-ақ, қазақстандық делегация “Күштерді біріктіру: бірыңғай мақсаттар, өңірлік тұрақтылық” атты МЖӘ бойынша екінші халықаралық конференцияға қатысты. Конференция мамандары өңірлік және халықаралық трендтерді, саяси және экологиялық сын-қатерлерді ескере отырып, МЖӘ-нің ағымдағы жағдайы мен перспективаларына қатысты сараптамалық пікірлерімен бөлісті. Бұдан басқа, әлеуметтік МЖӘ (білім беру) саласын дамыту, су және энергетикалық қауіпсіздік, инфрақұрылымды қамтамасыз ету саласында нәтижелерге қол жеткізу сияқты өзекті тақырыптар талқылауға көтерілді.