МЖӘ Орталығы МЖӘ шарттарының конструкторын әзірледі

Екі жүз – бес жүз – мың? Сіздің МЖӘ шартыңызда қанша бет бар?
Тәжірибе көрсеткендей, МЖӘ жобаларын іске асырудың барлық дерлік проблемалары белгілі бір дәрежеде шарттардың сапасыз немесе жеткіліксіз пысықталуымен байланысты. Әрине барлық жағдайларды 5-30 жылға алдын-ала болжау мүмкін емес. Бірақ, сіз серіктестерге тосынсыйларды жеңуге көмектесетін жағдайларды ұсына аласыз.

Біздің сайтта біз МЖӘ шартының “КОНСТРУКТОРЫН” жариялауды бастаймыз.
КОНСТРУКТОР – бұл МЖӘ шартын құру үшін әзірлеушілер қолдана алатын жалпы ережелер мен тұжырымдамалар жиынтығынан тұратын МЖӘ-нің үлгілі шарты.

ЕҢ АЛДЫМЕН:

  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгі шарты үлгілік шарт болып табылмайды;
  • Үлгілі шарттың бірде-бір ережесін міндетті және/немесе нормативтік деп санауға болмайды;
  • Үлгі шарт конкурстық құжаттаманың талаптарына және МЖӘ жобасының моделіне сәйкес түзетілуі, толықтырылуы және өзгертілуі тиіс;
  • Үлгі шарттың қандай да бір ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе тиісті МЖӘ жобасы бойынша қолданылатын құқыққа қайшы келген жағдайда, үлгі шарттың мұндай ережелері қолданылмайды.

Ұсынылған Конструктор МЖӘ-нің барлық мүмкін жобаларын қамтымайды, сондықтан бұл соңғы, аяқталған нұсқа емес. Әрине, ол дамиды: толықтырылады, түзетіледі, өзгермелі ережелерді қамтиды. Осы бөлімде біз сіздерді – сарапшыларды, пайдаланушыларды белсенді өзара әрекеттесуге шақырамыз. Сіз ұсыныстар мен ескертулерді электрондық пошта мекенжайына жібере аласыз ye.an@kzppp.kz

ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ
КОНСТРУКТОР XLSX форматындағы «Договор ГЧП_Конструктор» файлын қамтиды, онда пакетке кіретін Doc форматындағы жекелеген файлдарға гиперсілтемелері бар МЖӘ шартының мазмұны көрсетілген.
Конструкторды сілтеме арқылы жүктеуге болады

Previous Назар аударыңыз! CP3P оқыту.

Leave Your Comment