МЖӘ тетігі арқылы студенттік жатақханалардың жобалары іске асырылу жоспарлануда

Азия Даму Банкі (АДБ) студенттік жатақханаларды салу және пайдалану жөніндегі МЖӘ жобалары үшін Үлгілік конкурстық құжаттаманы дайындау бөлігінде ғылым және жоғары білім министрлігіне техникалық көмек көрсететін болады.

Пилоттық жоба ретінде еліміздегі ең көне және ең беделді техникалық университеттердің бірі – Алматы қаласындағы Satbayev University студенттері үшін 5900 орындық жатақхана жобасы анықталды. Алматы қаласында, сондай-ақ Семей, Павлодар, Қызылорда, Ақтау қалаларында пилоттық жобаны іске асыру әлеуметтік салада МЖӘ дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындаудың бір бөлігі болып табылады.
Бұл күндері АДБ Алматы және Астана қалаларында консультациялық миссия өткізуде. Миссия шеңберінде құрамына халықаралық консультанттар, жергілікті консультанттар, министрлік өкілдері, “Қаржы орталығы” АҚ және Қазақстандық МЖӘ орталығының сарапшылары кіретін жұмыс тобының кездесулері өткізілді.
Жұмыс тобы АДБ-ның МЖӘ құжаттарының үлгілік топтамасын одан әрі әзірлеу үшін қажетті түрлі мәселелерді, оның ішінде инвестордың жатақханаға қызмет көрсету сапасына, студенттерге тұру ыңғайлылығына, жасыл технологиялардың болуына және т.б. қатысты мәселелерді талқылады.
Халықаралық стандарттарды қолдана отырып, МЖӘ арқылы таратылған студенттік жатақханалардың жоғарыда аталған жобалары студенттерді жатақханалардағы орындармен уақтылы қамтамасыз етіп қана қоймай, жатақханалар сапасының жаңа стандарттарына, болашақ ұрпақтың өмір сүруі үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларға келуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Previous Астанада IFC қолдауымен МЖӘ жобаларын дамыту мәселесі талқыланды

Leave Your Comment