Аслан Қалиғазин «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Бүгін МЖӘ Орталығының ұжымына «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ жаңа басқарма төрағасы Аслан Қалиғазин таныстырылды.

Оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы Олжас Сыздықов таныстырды. 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Аслан Қалиғазин ресми түрде қызметке тағайындалып, жұмысқа кірісті.

Қалиғазин Аслан Ермекұлы 1982 жылы дүниеге келген. 2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған. 2005 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтында (ҚМЭБИ) магистратураны бітірген.

Университетті тәмәмдағаннан кейін еңбек жолын «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-да бастады. 2006 жыл мен 2011 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінде бас маман, басқарма бастығы, даму департаментінің директоры қызметін атқарды.
2011-2013 жылдары «Қазпошта» АҚ қазынашылық департаментінің директоры болды. 2013-2016 жылдары жеке бизнеспен айналысты. 2016-2018 жылдары «Қазақстан қор биржасы» АҚ департамент директоры, басқарушы директоры лауазымдарын атқарды.
2018-2021 жылдары «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ал 2021 жылғы тамыздан бастап осы жылдың наурыз айына дейін «BV Management» ЖШС («Kazyna Capital Management» АҚ еншілес компаниясы) бас директоры болды.

Previous Алматы облысында МЖӘ Академиясының ұйымдастыруымен екі күндік семинар өтті

Leave Your Comment