Комплеанс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл

Құрметті «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріпстестік орталығы» АҚ сайтына келушілер!

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Комплаенс қызметінің ресми парақшасына қош келдіңіз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі қоғамның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды және зерттейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өз өкілеттігін атқарушы органға, Қоғамның лауазымды адамдарына қарамастан жүзеге асырады, Директорлар кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.

  • Мүдделер қақтығысы-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, бұл ретте аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін;
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық-заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қарсы кінәлі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелі-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.

Комплаенс қызмет алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне де жауапты. Осы мақсатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар кешенін, сондай-ақ Еңбек міндеттерін орындау кезінде адалдық пен ашықтық қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ететін «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруды қамтитын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты қабылданды.

Жалпы, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ дайындайтын ақпарат (зерттеулер, МЖӘ жобаларын және бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау жөніндегі есептер) ұсынымдық сипатта болады, оның негізгі мақсаты МЖӘ жобаларын және бюджеттік инвестицияларды басқару сапасын жақсарту болып табылады.
Егер Сізде «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ қызметкерлері, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерге қатысты ақпарат болса, көрсетілген байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

АСАНЖАНОВ АЛМАТ СЕРІКҰЛЫ

Комплаенс қызметінің жетекшісі

Пайдалы ақпарат

Сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) органдары тексереді.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық жағдайларына тап болсаңыз, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call Center 1424 сенім телефонына немесе тізімі www.gov.kz сайтында көрсетілген оның аумақтық бөлімшелеріне хабарласуыңызға болады.