СТРАТЕГИЯСЫ
Орталықтың миссиясы мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізуге жәрдемдесу, мемлекет пен бизнес мүдделерінің теңгерімін ескеретін және «2022-2031 жж. Стратегия» мақсаттарына қол жеткізетін МЖӘ-нің үздік тұрақты тәжірибелеріне әдіснамалық қолдау және тираждау арқылы тұтас және тиімді ұлттық экономиканы қалыптастыруға қатысу болып табылады.
Негізгі міндеттер:
1. Институционалдық ортаны және МЖӘ әдіснамасын қайта жүктеу;
2. МЖӘ бизнес-процестерін «цифрландыру»;
3. МЖӘ жобаларын іске асыруды бағалау;
4. БИ және МЖӘ жобаларының экономикалық сараптамасы;
5. Өңірлік МЖӘ орталықтарымен және сарапшылар қауымдастығымен ынтымақтастық;
6. МЖӘ және БИ саласында халықаралық сертификаттау мен оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
7. Жобаларды ресурстық қамтамасыз ету;
8. Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға жәрдемдесу.
Стратегияның толық мәтінін сілтеме арқылы оқуға болады