Сапа саласындағы саясат
“Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы” АҚ (бұдан әрі – МЖӘ Орталығы) – бұл ҚР Үкіметінің Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жөніндегі талдамалық және сараптамалық орталығы. МЖӘ орталығы инвестициялық жобаларды зерттеу, оқыту және кеңес беру, сараптау және іске асырылуын бағалау бойынша қызметтер көрсетеді.
Тапсырыс берушілердің көрсетілетін қызметтерге қанағаттануын арттыру және орнықты даму мақсатында МЖӘ орталығының басшылығы осымен мынадай міндеттемелерді өзіне қабылдағаны туралы мәлімдейді:
– заңнаманың, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, жасалған келісімшарттардың талаптарын орындау;
– ИСО 9001 халықаралық стандартының қағидаларын және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін ұстану;
– сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін үнемі арттыру, басқару процестерін жетілдіру және дамыту;
– қызметтің барлық бағыттарында нәтижелілікті тұрақты арттыру;
– барлық мүдделі тараптармен өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
– кәсіби шеберлікті дамыту, қызметкерлердің құзыреттілігі мен жеке жауапкершілігін арттыру.
Қызмет сапасын арттыру мақсатында МЖӘ Орталығы мынадай қағидаттарды ұстанатыны туралы мәлімдейді:
– олармен кері байланысты күшейтуді көздейтін, тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін басып озуға жұмыс істеу;
– МЖӘ орталығының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қызметкерлер толық тартылуы тиіс ішкі ортаны құру және қолдау;
– МЖӘ орталығының қызметкерлерін сапаны басқаруға тарту, сапа үшін жауапкершілік белгілеу, олардың шығармашылық/кәсіби әлеуетін ашу, бұл қызметкерлердің өз жұмысының нәтижелері туралы хабардар болуын арттыруды көздейді;
– өзара іс-қимыл жасайтын процестер жүйесі ретінде МЖӘ орталығының қызметін басқару;
– құрылымдық бөлімшелердің процестерін жетілдіру және қызметкерлердің біліктілігін арттыру арқылы МЖӘ орталығының қызметін үздіксіз жақсартуға ұмтылу.
– Біздің құндылықтарымыз-ашықтық, ынтымақтастық, тиімділік.
МЖӘ орталығының басшылығы осы Саясат МЖӘ орталығының қызметтер сапасы саласындағы міндеттемелерінің, қағидаттары мен құндылықтарының көрінісі болып табылатынын мәлімдейді.