ХАЛЫҚРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

2022 жылдың 20 мамыр күні Өзбекстанда МЖӘ бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті, басты ұйымдастырушы Өзбекстан үкіметі және Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк топтары, сондай-ақ Ислам даму банкінің қолдауымен Азия Даму Банкі. Дөңгелек үстелге ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Үсеров, МЖӘ Орталығының Басқарма төрағасы Самат Сағындықов және МЖӘ Орталығының басқарушы директоры-Басқарма мүшесі Айдос Көбетов қатысты.

2022 жылдың 21-23 қыркүйек күндері Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында CLDP (CLDP – Commerce Law Development Program – Коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасы) қолдауымен МЖӘ саласында тәжірибе алмасу бойынша дөңгелек үстел өтті, атап айтқанда жобалық қаржыландыру талқыланды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінде МЖӘ саласындағы әлеуетін одан әрі дамыту үшін инфрақұрылымдық жобаларды бағалау мен қадағалауға жауапты МЖӘ бөлімшелерінің, қаржы министрліктерінің немесе басқа да салалық министрліктердің мемлекеттік қызметшілерімен байланыс орнату. Іс-шараға МЖӘ Орталығының оқыту департаментінің директоры Диана Есембекова қатысты.

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ