#ҚР_БҒМ #Мектептер #МЖӘ
Жалпы, тәуелсіздік жылдары елімізде 1900-ге жуық мектеп салынды. Алайда демографиялық өсуді ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығы әлі де сақталуда (2021 жылы – 264 мың орын, 2025 жылға қарай болжам-993 мың орын). Бұл үшін 2018 жылдан бастап жеке секторды тарту қағидаты қолданылады. МЖӘ шеңберінде қосымша “мектептердің жаңа моделі” іске асырылатын болады. Сондай-ақ МЖӘ тетігі құрылысты ғана емес, сапалы оқу процесін тікелей ұйымдастыруды да көздейтін болады. Мектептер салу үшін жер учаскелерінің интерактивті картасы әзірленетін болады. 1500-3000 орындық мектептердің заманауи үлгілік жобалары әзірленуде, мектеп құрылысын мониторингілеу бойынша электрондық портал іске қосылады. Нәтижесінде оқушы орындарының тапшылығын толық жою күтілуде.