Тоқаев Қарағандыда МЖӘ аясында жаңадан ашылған емхананы аралап көрді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының аясында облыс орталығынан қашық аудандардың бірі – Пришахтинскідегі жаңа балалар емханасына барды.

Жаңа медициналық мекеме Мемлекеттік – жеке меншік аясында іске қосылған және ол бір ауысымда 300 адамды қабылдайды.

Мемлекет басшысы емдеу кабинеттерін, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қарап көріп, дәрігерлермен әңгімелесті.

Сондай-ақ, Президентке облыстың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге дайындығы жөнінде айтылды.

Ақпарат көзі https://kaz.zakon.kz/4982805-to-aev-ara-andyda-zha-adan-ashyl-an.html

Previous ШҚО-да цифрлық технологияларды енгізу жалғасуда

Leave Your Comment