<p>Өңірде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуы басым. Облыста балабақшалардың 70% – дан астамы МЖӘ негізінде жұмыс істейді.</p> <p>Өңірдегі халықтың демографиялық өсуі мен көші-қон белсенділігінің жоғары болуына байланысты 1-сыныпқа қабылданатын оқушылардың өсуі байқалды. Биыл 18 мың бала мектеп табалдырығын аттайды.</p> <p>Биыл 6 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Жаңа оқу жылында Президенттің тапсырмасы бойынша Арал ауданының Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп және инвесторлар есебінен 2 Жеке мектеп пайдалануға беріледі, қалған 3 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Жалағаш ауданында 2 білім беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.</p>