МЖӘ Орталығы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетімен (бұдан әрі-ЕҰУ) бірлесе отырып ашылған «МЖӘ экономикасы» магистратураның инновациялық білім беру бағдарламасын сүйемелдеу аясында, ЕҰУ-нің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының Ресей Халықтар Достығы университетінің «Халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасымен және «Central Asian Institute for Development Studies» ЖШС-мен бірлесіп өткізген «Магистратурада жаңа білім беру бағдарламаларының пәндерін оқыту» тақырыбындағы қысқы мектепке қатысты.

Бүгін Фронт-кеңсенің атқарушы-директоры Динара Ибраеваның «Экономика салаларындағы МЖӘ» тақырыбындағы дәрісі өтті. Тыңдаушылар: ЕҰУ-нің экономикалық факультеті кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы, "Экономика", "Есеп және аудит" пәндерінің 1-2 курс докторанттары.

МЖӘ орталығының келесі дәрісі 2021 жылдың 5 ақпанында өтеді.