#Түркістан_облысы #Мектеп_асханалары #МЖӘ
Өңірде “мектеп асханаларын жаңғырту” жобасы әзірленді, оны іске асыру мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігімен көзделген. Бұл жоба бизнес пен мемлекет арасындағы өзара ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға, білім беру ұйымдарында тамақтанудың нақты стандарттарын белгілеуге және осы саладағы қоғамдық бақылауды арттыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта облыстың жаңғыртылған 149 мектеп асханасын 5 жылға пайдалануға беруді қарастыратын жоба іске қосылды. Мұнда асхана жабдықтарын, құрал-саймандарды, үстелдер мен орындықтарды ауыстырумен жөндеу жұмыстары жүргізілді. МЖӘ тетігімен қамтылған 149 мектептің мектеп асханалары мен ас блоктарында бейнебақылау камералары орнатылды.