#ҚТЖ #КТО #МЖӘ
“Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру ішкі нарықты отандық тауарлармен молықтыруға және отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба аясында көтерме-тарату орталықтарының (КТО) желісін құру жоспарлануда. КТО құру азық – түлік тізбегінің шығынын азайту, бағаны тұрақтандыру, сауда инфрақұрылымын дамыту және экспорт арналарын құру мәселелерін кешенді шешу жөніндегі міндетті шешуге мүмкіндік береді”, – деп хабарлады Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.
Ол ұсынылып отырған ҰТЖ моделі жеке қаржылық бастама арқылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаттарына негізделгенін еске салды. 2021 жылғы шілдеде 7 кто интеграцияланған желісін салуға/жаңғыртуға, беруге және пайдалануға МЖӘ шартына қол қойылды. Жекеше әріптес 2 КТО жаңғыртуды және 5 КТО салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді қамтамасыз етеді.
https://kapital.kz/economic/103594/pervyy-etap-sozdaniya-nt-s-zapustyat-v-2022-godu.html