Батыс Қазақстан облысынла МЖӘ жобасы бойынша жеке меншік әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 мекен-жайында орналасқан «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ атынан төмендегі жоба бойынша жеке әріптесті айқындау бойынша конкурс жариялайды:

  1. МЖӘ жобасы бойынша «Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Хан ордасы ауылында орналасқан «Жасқұс қонақ үй кешенін сенімгерлік басқару».

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 32-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және жеке әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға сай келетін барлық әлеуетті жеке әріптестер жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын қажетті құжаттар тізімдемесі және әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған кезден бастап, сағат 9.00-дан 13.00-ге және 14.30-ден 18.30-ге дейін Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі 72, №216 кабинет, «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ мекен-жайында алуға болады.

Конкурсты  ұйымдастырушы ұсынылған конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманы көшіру құнынан аспайтын ақы ала алады.

Жеке әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке жапсырылған конкурстық өтінімді Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй, №216 кабинет «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол немесе тіркелген почта арқылы тапсырады.

Біліктілік талаптарына сай жеке әріптестің әлеуеті сай екендігін растайтын құжаттарды ұсынудың ақырғы мерзімі 2022 жылдың 22тамызы жергілікті уақыт бойынша 11.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі 2022 жылдың 02қыркүйегі  жергілікті уақыт бойынша 11.00-ге дейін.

Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй, 216-кабинет мекен-жайы бойынша 2022 жылдың 2қыркүйек жергілікті уақыт бойынша 15.00-де жүзеге асырылады.

Анықтамалық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ 8 (7112) 260478,246054 телефоны бойынша алуға болады.

Previous Павлодар облысының Ақсу қаласында жобаны іске асыру бойынша әлеуетті әріптестерді тарту үшін қызығушылық білдіру туралы хабарлама

Leave Your Comment

Connect With Us

logo-footer

95 FF3, App Street Avenue
NSW 96209, Canada

Mon – Fri: 8:00 am – 6:00 pm

City News & Updates

The latest Egovt news, articles, and resources, sent straight to your inbox every month.

EGovt Template - Mad UX © 2020. All Rights Reserved