Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындаудың басталғаны туралы хабарлайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асыру қағидаларының 12-тармағына сәйкес, әлеуетті әріптестерді «Алматы қаласында 200 төсек-орынға арналған халықаралық аурухананы пайдалану» жобасын (бұдан әрі – «МЖӘ жобасы») талқылауға тарту және іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну үшін мүдделерін білдіруді сұрау туралы хабарлайды.