Отырыс барысында Әлібек Қуантыровқа МЖӘ Орталығының қызметі туралы ақпарат берілді.
«2022 жылғы 1 қарашасындағы жағдай бойынша жалпы құны 2 250 млрд теңге болатын 1 059 МЖӘ шарты жасалды: 14 – құны 1 361 млрд теңге болатын республикалық жоба; 1 045 – құны 889 млрд теңге болатын жергілікті жоба. Жасалған шарттардың 86,7%-дан астамы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына тиесілі», – деп атап өтті «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Самат Сағындықов.
Сондай-ақ МЖӘ жобаларына сараптама жүргізу және ұсынылатын құжаттаманың сапасы туралы сөз қозғалды.