«Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Атоян атындағы стадионды сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестігі жобасы бойынша жеке әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялайды.
Жобаның атауы: «Атоян атындағы стадионды сенімгерлік басқаруға беру».
Конкурсқа «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында және жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Жобаның (инвестициялардың) болжамды құны 250 055 мың теңгені құрайды, оның ішінде: күрделі жөндеу құны – 247 579 мың теңге; басқа шығындар – 2 476 мың теңге.
Іске асыру орны: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 2/1. Жобаның жалпы мерзімі – 20 жыл.
Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ.
Байланыс деректері: Нығметуллин Жеңіс Махамбетұлы, Бисекенова Айгүл Мұратқызы. Тел.: 8 7112 514027, 512617.
Конкурстық құжаттаманың көшірме пакеті тегін ұсынылады. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ конверттерге мөрленген біліктілік іріктеуге арналған құжаттарды әлеуетті қатысушылар ҚР, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 201, 4-қабат, 406 каб. мекенжайы бойынша «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қолма-қол ұсынады,
Біліктілік іріктеу үшін құжаттарды ұсыну мерзімі – 21.11.2022 ж. жергілікті уақыт бойынша сағ. 11.00-ге дейін,
Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 30.11.2022 ж. жергілікті уақыт бойынша сағ. 11.00-ге дейін.
Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу 02.12.2022 ж. жергілікті уақытпен сағ. 15.00-де Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 201, 4 қабат, 404 каб. мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Құжаттар көшірмелерінің пакеті осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сұрау салу бойынша ұсынылады.