«Алматы қаласы цифрландыру басқармасы» КММ Қазақстан Республиканың «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына (бұдан әрі – №725 Бұйрығы) сәйкес «Алматы қаласында бейнебақылау жүйесін құру және пайдалану» (бұдан әрі – МЖӘ жобасы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына тікелей келіссөздер арқылы бастамашылық жасалғаны туралы хабардар етеді.