Түркістан облысында жеке-меншік әріптесті анықтау мақсатында конкурс өткізу бойынша хабарлама

Түркістан облысының әкімдігі атынан Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, 1 мөлтек ауданы 24В орналасқан «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ төмендегі жобалар бойынша конкурс процедураларын пайдалана отырып, «Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округіндегі Үшбастау ауылында мектеп ғимаратын балабақша ретінде жаңғырту және пайдалану» жобасы бойынша конкурстық рәсімдерді пайдаланып, жекеше әріптесті анықтау туралы хабарлайды.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында және жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі. Конкурсқа қатысуға және  конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген. 

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін 9.00-ден 13.00 дейін және 15.00-ден 18.00 дейін 2022 жыл 14 қыркүйек пен 2022 жылдың 17 қазан аралығында «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ-не келіп алуға болады. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық құжаттаманың көшермесін алу уақытында журналға тіркелуі тиіс. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, 1 мөлтек ауданы 24В  «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ-сі.

Әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі 14 қыркүйек 2022 жылдан – 17 қазан 2022 жыл аралығында сағат 18:00-ге дейін «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ-інде қабылданады.

Біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімдері 24 қазан 2022 жыл 13:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, 1 мөлтек ауданы 24В қабылданады.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2022 жылғы 24 қазан күні 16:00-де «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ-інде ашылады.

Анықтамалық ақпаратты «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ мына телефон арқылы  алуға болады: 8 (72533) 7-10-02.

Previous Шымкент қаласында МЖӘ жобасын бастамашылық ету туралы хабарлама

Leave Your Comment