Шымкент қаласында МЖӘ жобасын бастамашылық ету туралы хабарлама

Осы арқылы, 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V “Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы” ҚР заңының 44-бабына сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды міндеттерінің бірі-бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін барлық жағдайды жасауға бағытталған “Шымкент қаласының Абай ауданында балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану жолымен балалардың бұқаралық спорт түрлерін дамыту” мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына әлеуетті жекеше әріптестің бастамашылық жасауы туралы хабарланады.

Жобаның мақсаты Шымкент қаласында спорттың ойын және байланыс түрлері (баскетбол, стритбол, шағын футбол, гандбол, үстел теннисі, тхеквандо, кикбоксинг және садақ ату) бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану арқылы балалар арасындағы бұқаралық спорт түрлерін дамыту болып табылады.

Спорттың ойын және байланыс түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметін ұйымдастыру мынадай спорт түрлері бойынша жеке жаттығулар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізу мүмкіндігі көзделген:

  • баскетбол;
  • стритбол;
  • шағын футбол;
  • гандбол, 
  • үстел теннисі;
  • тхеквандо;
  • кикбоксинг;
  • садақ ату.

Спортшыларға, тұрғындарға спорттық қызмет көрсету, Шымкент қаласының Абай ауданында спорттың ойын және байланыс түрлерін дамытуға ықпал ету. Халықты спортпен айналысу және сауықтыру жағдайларымен қамтамасыз ету, бұқаралық спортты дамыту. 

Спорт кешенінің ғимараты жалпы ауданы кемінде 3 500,0 ш.м., көрермендерге арналған кемінде 300 отыратын орны болуы, баскетбол, стритбол, шағын футбол, гандбол, үстел теннисі, тхеквандо, кикбоксинг және  садақ ату сияқты спорт түрлері бойынша сабақ өткізуге арналған үй-жайлары болуы тиіс.

Спорт кешені Республикалық және халықаралық дәрежедегі жарыстарды өткізуге арналған талаптарға толық сәйкес болуы тиіс.

Жобаның қуаты-өткізу қабілеті 572 баладан кем емес.

Бюджеттен сұратылатын төлемдер: операциялық шығындардың өтемақысы (ОШӨ).

МЖӘ жобасының жалпы алдын ала мерзімі 7 (жеті) жылды құрайды. Жобаны инвестор қаражаты есебінен іске асыру жоспарлануда. Инвестицияларды мемлекеттік бюджет есебінен қайтару қарастырылмаған.

Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер Шымкент қаласының Абай ауданында спорттың ойын және байланыс түрлері (баскетбол, стритбол, шағын футбол, гандбол, үстел теннисі, тхеквандо, кикбоксинг және садақ ату) бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы баламалы ұсыныстарды ұсына алады.

Өзге әлеуетті жекеше әріптестер ұсынатын баламалы ұсыныстар өзінің техникалық сипаттамалары мен өзге параметрлері бойынша осы хабарламада көрсетілгенге тең немесе одан жоғары болуы тиіс.

Әлеуетті жекеше әріптес “Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы” Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына және 44-бабының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

“Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы” мемлекеттік мекемесі осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде баламалы ұсыныстарды қабылдайды.

Балама ұсыныста мыналар болуы керек:

1. “Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы” Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V Заңының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру Қағидаларының талаптарына сәйкес әзірленген және ресімделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы бизнес-жоспар.

2. өзінде меншік немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығында болатын объектіге қатысты меншіктің пайда болу құқығын растайтын құжаттар;

3. әлеуетті жекеше әріптестің атауы және мекенжайы;

4. мемлекетке тиесілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін)туралы ақпарат;

5. заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы мәліметтер;

6. әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

Анықтама үшін: “Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы” ММ, мекен-жайы: Мәделі қожа 1А көшесі, телефон: 8(7252) 36-51-01, эл. пошта: Shymkent.sport@mail.ru 

Previous Шығыс Қазақстан облысында жеке-меншік әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Leave Your Comment