«Нұр-сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әлеуетті жекеше әріптестің «Көлеңкелі айналымға қарсы күрес мақсатында Нұр-сұлтан қаласының базарларының аумағында тауарлар мен қызметтерді сату жөніндегі жүйені (бағдарламалық қамтамасыз етуді) енгізу» жобасы (бұдан әрі-Жоба) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.
