«Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ МЖӘ жобалары бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлайды:
«Алматы облысы Қонаев қаласындағы кәріз құрылыстарын жобалау, салу және сенімгерлік басқару»;
Жобаны іске асыру саласы: жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында іске асырылады.
МЖӘ жобасының мақсаты: Мемлекеттің, жекелеген аймақтардың және салалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу. Бұл мақсатқа жету үшін қаланың бас жоспарына сәйкес ұзақ мерзімді дамуын ескере отырып, жаңа тазарту құрылыстарын, кәріз жүйесін салу, қажетті күрделі салымжарды анықтау және басым обьектілерді (басымдылықты) белгілеу жоспарлануда
Осы жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:
– Қонаев қаласының тіршілігінің инфрақұрылымын қалыптастыру.
– Қонаев қаласын үздіксіз кәріз құюырларымен қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және денсаулығын сақтау.
– Қонаев қаласының ағынды суларын тазарту сапасын арттыру арқылы қоршаған ортаға кері әсерін азайту.
Барлық экономикалық факторларды жұмылдыруға мүмкіндік беретін және саланы табысты дамыту үшін үлкен әлеуеті бар, шикізат пен өнімнің әлеуетті нарықтарына жақындығы, тартымды инвестициялық ахуал, дамыған инфрақұрылымы бар бастамаларды іске асыру үшін жағдай жасау.
Қонаев қаласының тұрғындарына жұмыс пен өмір сүруге қолайлы жағдай жасау.
МЖӘ объектілерінің жобалық қуаты:
– Жер телімі 198 га.
– Қаланың бас жоспарындағы өзгерістерді және 2030 жылға дейінгі болжамды су бұруды есепке ала отырып, қажет болған жағдайда, СҚС өнімділігі тәулігіне 30 000 текше метрді құрайды.
Жобаны іске асыру орны:
Алматы облысы, Қонаев қаласы.
МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі 84 айға дейн, оның ішінде:
Құрылыс кезеңі: 24 айға дейн;
Пайдалану мерзімі: 60 ай.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер 2022 жылғы «07» наурыз дейін техникалық тапсырмаға сәйкес Техникалық ұсыныс беру қажет, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет, оның негізінде “МЖӘ туралы”
ҚР Заңының 32-бабына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.
Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.
Байланыс деректері: Алматы облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы сумен қамтамасыз ету және су бұру бөлімінің басшысы Абсейтов Қайсар Бекмырзаұлы, телефон –87025555062. Почта: Voda.gaz.tk@mail.ru. Алматы облысы, Қонаев қ, Индустриальная 16/4, 1-қабат, 111-кабинет.
Қажетті ақпараттарды ҚР, Алматы облысы Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4, 1-қабат, 111-кабинет, мекен-жайы бойынша сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-18.30-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) алуға болады.