Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар өткізілді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының     2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын және 2021 жылғы 1 қыркүйекте «Қазақстан мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында, 2023 жылғы 18 мамырда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Қоғам қызметкерлері үшін оның талаптарын сақтауды түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Түсіндірмелі семинарға Қоғамның барлық қызметкерлері және Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ цифрландыру және ақпаратты қорғау департаменті) өкілдері шақырылды.

Previous ҚР Президенті Телерадиокешенінің МЖӘ туралы деректі фильмі жарық көрді

Leave Your Comment