Бүгін Орталықтың Басқарма төрағасы Самат Сағындықов пен басқарушы директоры Айдос Көбетов Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов және Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекетпен кездесті. Жұмыс кездесуінде өңірдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік инфрақұрылым саласын дамытуға байланысты мәселелер көтерілді, сондай-ақ МЖӘ-нің маңызды әдіснамалық мәселелері талқыланды. Ақтөбе облысында іске асырылуға бағытталған басым жобаларға ерекше назар аударылды. Айта кету керек, бұл жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасы мен инфрақұрылымды жақсартуға және аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.