«Атырау облысы Білім беру басқармасы» ММ «Атырау қаласында жалпы білім беретін мектептерді салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Жобаның атауы: «Атырау қаласында жалпы білім беретін мектептер салу және пайдалану».
Жобаны іске асыру саласы (Саласы): Жоба орта білім беру саласында іске асырылуда.
МЖӘ жобасының мақсаты: Атырау қаласында жаңа жалпы білім беретін мектептер салу қажеттілігін шешу және өңірдегі орта білім беру саласындағы оқу орындарының тапшылығы деңгейін төмендету жолымен халықтың қажеттілігін қанағаттандыру.
Осы жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:
– орта білім беру объектілері желісін дамыту;
– 2000 орыннан заманауи жалпы орта білім беретін мектептерді іске асыру;
– саланың материалдық-техникалық базасын жақсарту;
– Атырау қаласы оқушыларының оқу процесін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және қамтамасыз ету;
– Атырау қаласында үш ауысымдық жұмыс режимі бар мектептер санын азайту;
– халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде оқушыларды сапалы білім берумен қамтамасыз ету;
– білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды сапалы қамтамасыз ету.
МЖӘ объектілерінің жобалық қуаты және оларды іске асыру орны.
2 лотқа бөлінген 2000 орындық 2 мектеп:
* «Ақшағала» ш/а №1 көшеде орналасқан, кадастрлық №04-066-016-1011 бар № 4/5 ғимарат белгісі;
* Атырау қаласы, Г.Канцев, Доссор, Чайковский және К.Әзірбаев көшелерінің қиылысу ауданы («Драмтеатр» ш/а), учаскенің ауданы 3,5 га құрайды.
МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі 72 ай және одан да көп, оның ішінде:
Құрылыс кезеңі: 12 айдан бастап;
Пайдалану мерзімі: 5 (бес) жылдан бастап.
Жобаны салу мен іске асырудың осы мерзімдері болжамды болып табылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер 2023 жылғы 15 қыркүйек күні сағат 13:00-ге дейін (жергілікті уақытпен) «Атырау облысы Білім беру басқармасы» ММ-нің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет, оның негізінде ҚР «МЖӘ туралы» Заңының 32-бабына сәйкес біліктілік іріктеуі жүргізілетін болады.
Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Атырау облысы Білім беру басқармасы» ММ
Байланыс деректері: «Атырау облысы Білім беру басқармасы» ММ инвестициялық жобалар бөлімінің басшысы Базылова А., тел.: 8 (7122) 32-10-05, e-mail: ___________________________.
Құжаттардың көшірме пакетін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.30-ға дейін (жергілікті уақытпен) мына мекенжай бойынша алуға болады: ҚР, Атырау қаласы, Әйтеке би 77, 2-қабат, № 10 кабинет.
МЖӘ жобаларының конкурстық рәсімдерін өткізу жөніндегі порталдағы хабарлама сілтемесі