Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 18-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында «ШҚО білім басқармасы» ММ келесі мемлекеттік жекешелік жобаларды: «240 орындық үлгілік жоба бойынша Өскемен қаласында Есенберлин көшесі, 84 позициясы бойынша балабақша салу және пайдалану», «240 орындық үлгілік жоба бойынша Өскемен қаласында Есенберлин көшесі, 47 позициясы бойынша балабақша салу және пайдалану», «240 орындық үлгілік жоба бойынша Өскемен қаласында Өтепов көшесі №36 ауданы, бойынша балабақша салу және пайдалану» жоспарлау туралы хабарлайды.
Жоба жекеше әріптестің 240 орындық 3 балабақша құрылысын жүргізуін көздейді.
1) жобаны іске асыру саласы–мектепке дейінгі тәрбие және білім беру;
2) жобаны іске асыру орны – Өскемен қаласы;
3) нысанның қуаты – 3 балабақша 240 орындық;
4) құрылыс кезеңі – 2024-2025 жыл.
5) пайдалану кезеңі – 20 жыл;
6) жобаның мақсаттары мен міндеттері – Жалпы орта білім беретін мектептің бірінші сатысында балаларды оқытуды бастауға дайындау сапасын жақсарту және Өскемен қаласының тұрғындары үшін мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орын тапшылығы мәселесін шешу;
7) бюджеттен сұратылатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: Инвестициялық шығындарды өтеу, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру.
Әлеуетті жекеше әріптес Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Осы жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда, “Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы” ММ 2022 жылғы 05 қыркүйек айынан кешіктірілмейтін мерзімде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, тел.8(7282) 702-357 мекенжайы бойынша баламалы ұсыныстарды қабылдайды. Жауапты тұлға: “Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы” ММ бюджеттік жоспарлау және материалды-техникалық дамыту бөлімінің басшысы Алипбаев Ж.Ж.