Түркістан облысының әкімдігі атынан Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, «Түркістан облысының білім басқармасы» ММ төмендегі жоба бойынша конкурс тәсілдерін пайдалана отырып, төмендегі жобалар бойынша конкурстық рәсімдерді пайдаланып, жекеше әріптесті анықтау туралы хабарлайды:
- «Түркістан облысының білім басқармасының 3 интернаттық ұйымдардағы («№1 Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектеп-интернаты» КММ, «Жаушықұм мектеп-лицейі» КММ, «Абай атындағы «Білім-инновация» ер балалар лицей-интернаты» КММ) асханаларды жаңғырту және пайдалану»;
- «Түркістан облысының білім басқармасының 3 интернаттық ұйымдардағы «Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Атбұлақ» жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «№46 Т.Тоқтаров атындағы негізгі орта білім беретін мектебі» КММ) асханаларды жаңғырту және пайдалану»;
- «Түркістан облысының білім басқармасының 3 интернаттық ұйымдардағы («Қ.Бектаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ, «№6 негізгі орта мектеп-интернаты» КММ, «А. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі» КММ) асханаларды жаңғырту және пайдалану»;
- «Түркістан облысының білім басқармасының 3 интернаттық ұйымдардағы «№10 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия интернаты» КММ, «№12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернаты» КММ, «№57 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ) асханаларды жаңғырту және пайдалану»;
- «Түркістан облысының білім басқармасының 3 интернаттық ұйымдардағы («Садық Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты» КММ, «Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицей» КММ, «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясы» КММ) асханаларды жаңғырту және пайдалану»;
- «Түркістан облысының білім басқармасының 3 интернаттық ұйымдардағы («Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернат» КММ, «С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернат» КММ, «Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп-интернаты» КММ) асханаларды жаңғырту және пайдалану».
Түркістан облысының білім басқармасына қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің асханаларын МЖӘ тетігімен жекеше әріптестерге басқару құқығымен уақытша пайдалануға беру және мемлекеттік бюджеттік шығындарын азайта отырып, жекеше әріптеске келісім-шартқа сәйкес күтіп ұстау мен балаларды тамақпен қамтамасыз етуді міндеттеу болып табылады.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында және жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі. Конкурсқа қатысуға және конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін 9.00-ден 13.00 дейін және 15.00-ден 18.00 дейін 2023 жыл 01 қыркуйек пен 2023 жылдың 22 қыркүйек аралығында «Түркістан облысының білім басқармасы» ММ-не келіп алуға болады. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық құжаттаманың көшермесін алу уақытында журналға тіркелуі тиіс. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, «Түркістан облысының білім басқармасы» ММ-сі.
Әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі 11 қыркүйек 2023 жылдан – 22 қыркүйек 2023 жыл аралығында сағат 18:00-ге дейін «Түркістан облысының білім басқармасы» ММ-інде қабылданады.
«Түркістан облысының білім басқармасы» ММ-де 2023 жылғы 07 қыркүйекте сағат 13-00-ден 17-00-ге дейін конкурстық құжаттаманы түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу ұйымдастырылады.
Біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімдері 2023 жыл 09 қазан 13:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 16 ғимарат қабылданады.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2023 жылғы 09 қазан күні 16:00-де «Түркістан облысының білім басқармасы» ММ-інде ашылады. Анықтамалық ақпаратты «Түркістан облысының білім басқармасы» ММ мына телефон арқылы алуға болады: 8 778 775 41 01.
Конкурстық құжаттама Түркістан, Отырар
Конкурстық құжаттама Созақ, Байдібек
Конкурстық құжаттама Сарыағаш, Келес