Астана қаласында жеке әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама

«Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі МЖӘ жобасы бойынша жеке әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жобаның атауы: «Астана қаласы әкімдігінің автокөлікке қызмет көрсету бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің сервистік келісімшарты»

Жобаны іске асыру саласы: жоба автомобиль көлігі саласында іске асырылуда.

Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ

МЖӘ жобасының мақсаты:

– Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің көлік қызметтеріне қажеттілігін қамтамасыз ету;

– такси қызметтерінің сапасын жақсарту;

– Астана қаласында электр-зарядтау инфрақұрылымын қалыптастыру;

– қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;

– Астана қаласында қоғамдық және жеке электромобильдерді танымал ету.

Конкурсқа «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында және жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі. Қажетті құжаттардың тізбесі және әлеуетті қатысушыларға қатысу үшін қойылатын талаптар конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылады.

Конкурстық құжаттаманың көшірме пакетін 2023 жылғы 10 қарашадан 2023 жылғы 30 қарашаға дейін 08-30-дан 13-00-ге дейін және 14-30-дан 18-00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік 11, «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ-де, (6 қабат, 627 каб), сондай-ақ конкурстық құжаттаманы электрондық түрде алу қажет болған жағдайда әлеуетті жекеше әріптес кері электрондық мекенжайды көрсете отырып конкурсты ұйымдастырушының электрондық мекенжайына жүгінеді.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған кезде әлеуетті жекеше әріптес тіркеу журналына тіркелуі тиіс.

Алдын ала біліктілік іріктеу үшін құжаттарды әлеуетті жекеше әріптестер «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ-ге 2023 жылғы 20 қарашадан 2023 жылғы 01 желтоқсанға дейін сағат 18:00-ге дейін ұсынылады.

Кездесу әлеуетті жекеше әріптестермен «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ-де 2023 жылғы 27 қарашаға дейін конкурстық құжаттаманы түсіндіру үшін ұйымдастырылады.

Біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптес 2023 жылғы 11 желтоқсанда сағат 13:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік 11 (6 қабат, 627 каб) мекенжайы бойынша конкурстық өтінімдер ұсынылады.

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу 2023 жылғы 11 желтоқсанда сағат 16:00-де «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ-де жүзеге асырылады.

Байланыс деректері: «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Дархан Төлегенұлы Отызбаев, телефон: 8 (7172) 55-15-03, 8 (707) 996-71-91, e-mail: d.otyzbaev@astana.kz.

МЖӘ конкурстық рәсімдер порталындағы жобаға сілтеме

мерзімдер конкурстық рәсімдерді өткізу жөніндегі порталда хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап есептеледі

Previous Сеулде Қарағандыдағы жаңа аурухананың жобасы таныстырылды

Leave Your Comment