«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015ж. 25.11. № 725 бұйрығының 12-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерін, қаржы және өзге де ұйымдарды «Көп бейінді облыстық аурухана» ШЖҚ КМК азық-түлік богын жаңғырту және пайдалану үшін сенімгерлік басқаруға беру» жобасын (бұдан әрі – МЖӘ жобасы) жоспарлауға тарту мақсатында жобаның конкурстық құжаттамасын түзетудегі әлеуетті жекеше әріптестердің мүдделерін білдіруге сұрау салу туралы хабарлайды.
МЖӘ жобасының негізгі параметрлері
Жобаны іске асыру кезеңі: 2024-2033 жж.
МЖӘ жобасының алдын ала мерзімі: 10 жыл.
Қызмет түрі: тамақтану қызметтерін ұсыну.
Жобаны инвестор қаражаты есебінен іске асыру жоспарланған.
Бюджеттен төленетін болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: тамақтандыру қызметтеріне жұмсалатын шығындарды Жекеше әріптеске тікелей медицина мекемесі ТМККК және МСМЖ қаражатынан дербес өтейді.
Жобаға қойылатын негізгі талаптар: Азық-түлік блогын жөндеу, жаңғырту және пайдалану, «Көп бейінді облыстық аурухана» ШЖҚ КМК 5 орталығын тамақтандырумен қамтамасыз етіп, заманауи жабдықтар сатып алу.
Кәсіпкерлік субъектілері осы жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-ні хабардар ету қажет.
Осы жоба бойынша қызығушылығын білдіруге сұрау салу бойынша ұсыныстар мына мекен-жай бойынша ұсынылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56А телефоны: 8(7152)469283, 52-51-65 е-mail: zdrav@sqo.gov.kz, mattech_zdrav@sqo.gov.kz Уәкілетті тұлға: Мұхамедқали Сағат Сартайұлы – медициналық техникамен қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық дамыту бөлімінің басшысы.