МЖӘ Орталығында Директорлар кеңесінің отырысы өтті

2023 жылғы 20 желтоқсанда ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергеновтың төрағалығымен “Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы” АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Директорлар кеңесінің төрағасы тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
Директорлар кеңесінің мүшелері мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың ағымдағы үрдістері мен перспективаларын талқылады. Инвестициялар мен бизнесті дамыту үшін қолайлы орта құру мақсатында мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша шаралар ұсынылды.
Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің отырысы аясында 2023 жылдың қорытындысы бойынша МЖӘ Орталығы қызметінің негізгі бағыттары тыңдалып, 2024 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Previous Қазақстанның жаңа экономикалық саясатындағы МЖӘ

Leave Your Comment